jasqazaq.kz

Мәскеуде көз жұмған Томиристің анасы: Сенсіз қалай өмір сүру керектігін айтпадың

13 мамыр 2018, 19:37

Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының 4-қабатынан құлап, көз жұмған Томирис Байсафаның анасы әлі өз-өзіне келе алар емес. Белгілі стилист Жанна Ахметова әлеуметтік желідегі парақшасында тағы да қызына арнап жазба қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz.

“Сенің иісің, терің, қолдарың, даусың, күлкің, жазған хаттарың жүрегімнің есінде.. Сенсіз қалай өмір сүру керектігін айтпадың. “Өз бақшаңды құртпа” дедің. Әрқашан жаныңда боламын дедің… Сен айттың… Мен барым. Менің тынысым. Сенсіз ауа да жоқ”, – дейді Жанна Ахметова.

Желі оқырмандары қызынан айырылып қалған анаға сабыр тілеп, көңіл айтуда.

“Жазбаңызды оқудың өзі ауыр екен. Өзім де анамын, перзентінен айырылудың қаншалықты қиын екенін елестете де алмай отырмын, сізге сабыр мен күш тілеймін”, – деп пікір білдірді Зарина есімді желі қолданушысы.

“Жаны жәннатта болсын. Періште ғой. Сабырлық тілеймін”, – деп тілегін білдірді келесісі.

Еске сала кетейік, Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатынан құлап кеткен еді. Болжам бойынша, бойжеткен өзге оқу орнында оқитын, Дағыстан азаматымен сөзге келіп қалған. Екі жас ұзақ уақыт бойы кездесіп жүрген. Ауыр жарақатпен ауруханаға түскен қыз араға 20 күн салып көз жұмды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде