jasqazaq.kz

Масканы тек иегіне тағып алатындарға айыппұл салынады

07 шiлде 2020, 10:18

Елімізде медициналық масканы тек иегіне іліп алатындарға қазір айыппұл салынуы мүмкін. 5 шілдеден бастап полиция мұны қатаң қадағалайды. Бұл талапқа бизнес өкілдері қатаң қарап отыр.

Мысалы, дүкендерде сатып алушылар масканы дұрыс тақпай жүре береді. Мұндай абайсыздық үшін кім жауап береді? Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Сатушы Елена Маринич талаптарды қатаң сақтайды. Шымкенттегі кішігірім дүкен күн сайын 100 адамға қызмет көрсетеді. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға қойылған талап сатушылардың наразылығын тудырды.

«Мен бұлай жасау дұрыс емес деп ойлаймын. Адамдарға сөзбен айту керек. Айыппұл салып, ақша алған дұрыс емес», — деді Елена Маринич.

Бұл талапты бұзған жеке тұлғаларға 30 АЕК — 83340 теңге, шағын бизнеске 230 АЕК — 638 940 теңге, орта бизнес — 310 АЕК — 861180 теңге, ірі бизнес өкілдеріне 1600 АЕК — 4444800 теңге айыппұл салынады.

Егер сатып алушы дүкенге маскамен кіріп, тауарды алу барысында маскасын шешіп тастаса, кім жауапты болмақ? Бұған тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы жауап берді.

«Бұндай заң бұзушылыққа жол берген адамды өз қарамағына кіргізгені үшін кәсіпкерлік тарап та, маскасыз жүрген екінші тарап та жауапты болады. Екі жақта жауап береді», — деді тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары Алмат Қосалиев.

Қазақстандағы кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов сатып алушылардың тәртіп бұзғаны үшін кәсіпкерлер жауап беруге тиісті емес деген ойын айтты.

«Кәсіпкер мен жеке тұлғаның әрекетін ажыратып алу керек. Дүкенде кезекте тұрған адамның маскасын иегіне тағып алғаны үшін немесе еден жуып жүріп қолғабын шешіп тастаған қызметкер үшін кәсіпкер жауап беруге міндеттелмеу керек. Әркім өз әрекеті үшін өзі жауап берсін», — деп жазды Рустам Жүрсінов.

Қандай талап қойылмаса да бұл ауру жұқтырмауды алдын алу үшін қолға алынып жатқан шаралар. Карантин мерзімінің ұзартылу-ұзартылмауы да азаматтардың талаптарды қалай сақтағаны байланысты болып тұр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде