jasqazaq.kz

Маска үшін төбелесті

06 маусым 2020, 12:33

Екібастұзда күзетші сауда орталығына келген азаматтан маска талап етіп, ал орталыққа келген азамат күзетшінің жағасынан алған.

Осының салдарынан орталықта жанжал туып, арты төбелеске ұласқан. Төбелеске сауда орнында жүрген өзге адамдар да араласты.

«Аталған сауда үйіне келуші медициналық маскасыз келгені үшін күзетшіден ескерту алған. Содан кейін олардың арасында жанжал туындаған», — деді Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, төбелесті күзетшіден ескерту алған адам бастаған. Содан кейін жанжалға басқа да жастар қосылып кеткен. Оқиға куәгерлердің ұялы телефондарының бейнекамераларына түсіп қалған. Олар қазір әлеуметтік желілерде жарияланып жатыр. Кадрда күзетшіге үш жас ер адамның жабылып жатқаны көрсетілген. Содан кейін күзетшіге жас жігіт рациямен көмекке келіп, төбелесушілерді арашалап алған. «ҚР ҚК 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары жүргізілуде», — деді Ж. Белялова. Жанжалға қатысушы барлық адам анықталды.

ҚазАқпарат

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты