jasqazaq.kz

Маска тақпағандарға салынатын айыппұл сомасы азаюы мүмкін

19 тамыз 2020, 13:40

Қазақстанда маска режимін сақтамағаны үшін айыппұл 83 340 теңгеден 2 778 теңгеге дейін азаюы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов айтты.

«Құрметті кәсіпкерлер, жақсы жаңалық! Бұған дейін біз маска режимін және басқа да шектеу шараларын бұзғаны үшін тексеруші органдар кәсіпкердің, оның қызметкерлері мен тұтынушыларының жауапкершілігі арасында нақты бір шаралар жүргізуі керек деп бірнеше рет мәлімдедік.

Егер кәсіпкер өз нысанындағы барлық санитарлық жағдайды, соның ішінде маскалар мен қолғаптардың қорын қамтамасыз етсе, сондай-ақ тұтынушылардан маскалар киюді талап етсе, ол кәсіпкер өз қызметкерлері мен тұтынушыларының маска режимін бұзғаны үшін жауап бермеуі керек. Шілде айының басында біз қызметкердің немесе сатып алушының карантинді бұзғаны үшін қызметкер немесе сатып алушы жауапты болады деп мәлімдедік. Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті (санитарлық-эпидемиологиялық қызмет) мұны растайды», — деп жазды омбудсмен Facebook желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, ол қазақстандықтар үшін тағы бір жағымды жаңалық барын айтты.

«Мемлекеттік органдар қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын қарастырып жатыр және жеке тұлғалар үшін маска режимін бұзғаны үшін айыппұлды 30-дан 1 АЕК-ке (2 778 теңге) дейін төмендету ұсынылады. Біз бұл жұмысқа белсене атсалысамыз», — деді ол.

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия