jasqazaq.kz

Мәшинеге мотор сататын алаяқтар шықты

22 қантар 2021, 17:34

Ақтөбе облысында «olx» қосымшасындағы белгісіз біреу «ГАЗ-53» және «ЗИЛ-130» автокөліктеріне қозғалтқышты сату сылтауымен 54 жастағы адамға тиесілі 450 мың теңгені иемденді. Жәбірленуші ақшаны сатушы айтқан шотқа аударған, деп хабарлайды zakon.kz.

Ал 14 қаңтарда белгісіз біреу жәбірленушінің ұялы телефонына қоңырау шалып, өзін банктердің бірінің қызметкері деп таныстырды, белгісіз адамдар оның шотынан ақша алуға әрекет жасағанын айтты. Жинақтарды сақтау үшін ақшаны уақытша шотқа аударуды ұсынды. Қаскүнем ақша аудару арқылы банк картасының деректемелерін иемденіп, 800 000 теңге сомасында ақшаны жымқырған.

Осы фактілер негізінде ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осындай алаяқтық жағдайларының алдын алу үшін Ақтөбе облысының ПД ешкімге, тіпті банк қызметкеріне де жеке шоттар мен карталарға қатысты SMS-код және басқа дербес ақпаратты айтуға болмайтынын ескертеді.

Есіңізде болсын, банктер мен төлем жүйелері ешқашан хаттарды жібермейді немесе клиенттердің телефондарына шот деректерін беруді сұрамайды. Ұрлықтың алдын алу үшін барлық қажетті ақпарат банктерде бар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде