jasqazaq.kz

Мәселені шешкен менеджер

05 қазан 2017, 17:53

Еліміздің соңғы жылдары басты тақырыпқа айналған «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі де өз мәресіне жетті. Осы орайда «Время» басылымы өткен кеткенді сараптап, халықаралық жобаға өзіндік бағасын беріпті.           

Басылымның жазуынша, осыдан екі жыл бұрын көрме орталығының орнында тек қоршау мен бірнеше нысан ғана болған. Оның үстіне 2015 жылы Т.Ермегияевпен қатар бірқатар басшы қамауға алынды. Еліміз үшін маңызды шараны жоғары деңгейде өткізуге дағдарыс-менеджер керек болды. Бұл маңызды орынға сол кезде Алматы қаласы әкімі болған Ахметжан Есімов лайықты деп танылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлттық компанияға үкіметпен, әкімдіктермен, аймақпен, шетелдік инвесторлармен жұмыс істей алатын өте тәжірбиелі маман керек» — деп Ахметжан Есімовті «Астана ЭКСПО-2017» компаниясына не үшін тағайындағанын түсіндірген еді. Сондай-ақ Президент «Уақыт өте аз қалды. Көрмені өте жоғары деңгейде өткізу керек. Біздің қолымыздан келетініне сенемін. Ұлттық қордан қаржы бөлеміз. Алайда ақшаны тиімді жұмсау керек» — деп көрмеге 21 ай қалғанда А.Есімовке тапсырды. ЭКСПО аяқталды. Ал нәтижесі қалай деген заңды сауал туындайды? Жоспарға сәйкес, көрме өткен үш айда екі миллион қонақ келу керек еді. Алайда бұл көрсеткіш 4 миллионға жуықтады. Барлық көрме павиьлоны 5 миллион рет қаралады деп жоспарланса, бұл көрсеткіш те 30 миллионға жетті. Сондай-ақ халықаралық шараға 28 елдің президенті, 36 премьер-министр және орынбасаралары, 11 елдің парламентінің спикері, 70 министр мен олардың орынбасарлары келді. Өзге елдер өз павилонын дайындау үшін 200 миллион доллар жұмсады. Ал дайындық жұмысына жаратылатын шығын көлемі 816 миллиард теңгеден 452 миллиардқа төмендетілді. Нәтижесінде бастапқыда сынағандардың өзі, көрменің ойдағыдай ұйымдастырылғанынакөз жеткізді.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық