jasqazaq.kz

Мас жүргізушіні тоқтатпақ болған әйел 102 нөміріне хабарласа алмаған (видео)

09 қыркүйек 2020, 12:06

Алматыда 8 қыркүйек күні ірі жол апаты орын алды. Көлік тізгініне ие бола алмай қалған әйел Merсedes жүргізушісі тұрақтағы бірнеше көлікті соғып өткен. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан барлығы 4 темір тұлпарға зиян келген (кінәлі азаматтың көлігін қоспағанда). Зардап шеккен жүргізуші алматылық ауруханаға жеткізіліпті.

Куәгерлер жарақат алған азаматты көліктен шығарып үлгеріпті. Бұған қоса олар жүргізушінің мас болғанын айтады.

Әлеуметтік желіде аталмыш оқиғаға байланысты жазба пайда болды. Алматы тұрғынының сөзінше, ол мас ер азаматтың көлікке отырып жатқанын көріп, тоқтатпақшы болған.

«Не сұмдық? 102 хабарласып, жауап ала алмайсың! 112 нөміріне хабарлассаң, ешнәрсе істей алмаймыз дейді. Аяғын әрең басып тұрған мас жүргізуші көлікке отырып, Төле Би көшесі бойымен Әуезов көшесіне қарай жүріп кетті. Оны өзім тоқтата алмаған соң полицияға хабар беріп едім, телефонды ешкім көтермеді», — деп жазыпты Анна Щербакова есімді тұрғын.

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын Әуезов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізуде.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz 🇰🇿 (@kris_p_almaty)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде