jasqazaq.kz

Мас жүргізушілер 15 тәулікке қамалады

08 қантар 2020, 18:09

Өткен жылы елімізде мас көлік жүргізушілердің кінәсінен 716 адам жарақат алып, 98 адам қаза болған. Осыған байланысты жол жүру қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілік қатаңдатылды. «Егер жүргізуші мас күйінде көлік тізгініне отырса, жол апаты болмаса да 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынатын болады. Сонымен қатар ол жүргізуші куәлігінен 7 жылға дейін айырылады. Қайталанған жағдайда қамау мерзімі 24 тәулікке артады, ал жүргізуші куәлігінен 8 жылға айырылады», — деп мәлімдеді Тергеу департаменті бастығының орынбасары Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде. Ал адамдарға зиянынын тигізе отырып жол апатын жасаған жағдайда мас жүргізуші қылмыстық тәртіпте 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады және көлік басқару құқығынан 10 жылға дейін айырылады. «Ал осындай жағдайлар адам өліміне әкеліп соғатын болса, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан, ал көлік басқару құқығынан 10 жылдан бастап өмір бойына дейін айырылуы мүмкін», — деді С.Әділов.

24.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде