jasqazaq.kz

Мас жүргізуші полициядан қашып кете алмады (видео)

22 мамыр 2020, 11:31

Павлодарда көлікті мас күйде жүргізген жүргізуші тәртіп сақшысының заңды талабына бағынбады.

21 мамырда шамамен сағат 20.00-де оператордың “102” пультіне белгісіз қоңырау келіп түсті. Лермонтов-Короленко көшелерінің қиылысында “Ravon Nexia R3” маркалы автокөлікті мас жүргізуші басқарғаны хабарланды.

Бұл қоңырау АП-626 нөміріне жүргізушіні мас күйінде ұстап, тексеру үшін жіберілді. Көлікті қуып келе жатқанда жүргізуші полицияның тоқтатуын елемей, Назарбаев даңғылына қарай қашып, жасырынбақ болды.

Полиция кезекші бөлімге жүргізушінің бағынбағаны туралы хабарлады. Жол-көлік оқиғасын болдырмау және осы жүргізушіні ұстау үшін іздеуге көрші учаскелерден алты автопатруль қосылды.

Кейінірек, Лермонтов көшесінің бойындағы автотұрақта бұл көлік тоқтатылды. Тексеру кезінде көлікті 37 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны басқарғандығы анықталды.

Медициналық сараптамаға сәйкес, жүргізуші орташа мас күйінде болған. Жүргізуші уақытша бейімделу және орналастыру орталығына, ал көлік айыппұл тұрағына орналастырылды.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру), 613-бабы (Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару), 612-бабы 1-бөлігі (өзімен бірге жүргiзушi куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген басқару құқығына арналған уақытша куәлiгi, көлік құралына тіркеу және заңнамада белгiленген өзге де құжаттары жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) және 599-бабы 1-бөлігі (бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жіберілді.

https://youtu.be/chADqw3dBT8

Ақпарат көзі: Polisia.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде