jasqazaq.kz

Мас жүргізуші полициядан қашпақ болды (видео)

31 мамыр 2020, 20:44

Қызылордалық полицейлер мас күйде көлік жүргізген ассенизатор жүргізушісін ұстады.​

30 мамыр күні республикалық маңызы бар “Самара – Шымкент” тасжолының 1907 – 1957 шақырымы аралығында Қызылорда облысы Полиция департаментінің жылжымалы патрульдік бекетінің қызмет атқару барысында сағат 07:00 шамасында ГАЗ 53 маркалы автокөлігі (ассенизатор көлігі) жолдың қарсы бетіне шығып, полиция қызметкерлерінің тоқтату заңды талабына бағынбайды. Полицейлерден қашқан көлік жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінен шығып кетіп, жол жиегіндегі арыққа түсіп, тоқтайды.

https://youtu.be/yks6KlaE0tA

Полиция қызметкерлері дереу көліктің артынан жүріп, жүргізушінің мас күйде екендігін байқайды. Ішімдік ішіп, көлік айдаған жүргізушіні полицейлер сараптамадан өткізу үшін Шиелі аудандық аурухананың наркологиялық бөліміне апарады. Сараптама қорытындысына сәйкес, көлік жүргізушісі орта дәрежелі масаң күйде болғаны анықталды. Сол жерде полицейлер 26 жастағы көлік жүргізушісі Қарауылтөбе ауылының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін) және 596-бабының 1-бөлігімен (көлік құралының жолдың жүріс бөлігіне қарама – қарсы бағытта шығуы) әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ассенизатор көлігі айыптұрағына қойылды. Жинақталған құжаттар тисті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия