jasqazaq.kz

Мас жүргізуші полицейлерге шабуыл жасады

20 сәуiр 2020, 12:45

Түркістан облысында полицейлерге шабуыл жасаған мас жүргізуші ұсталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен коронавирустың таралуының алдын алуға байланысты елде төтенше жағдай режимі енгізілді. ТЖ кезіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында Жетісай аудандық полиция бөлімшесінің ЖПҚ қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Осындай рейд барысында тәртіп сақшылары қала көшелерінің қиылысында себепсіз жүрген “Mercedes ” автокөлігін тоқтатады. Құжаттарды талап ету кезінде мас жүргізуші тәртіпке бағынбай, алдында тұрған екі полицейді соғып, тәртіп бұзушыны тоқтатуға әрекет жасап, көліктің есігінің жанында тұрған үшінші полицейді автокөлігімен сүйрей өтіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Үш полиция қызметкері жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Орын алған оқиға туралы Жетісай АПБ кезекші бөліміне келіп, хабарлама берілді.

Жасырынған жүргізушінің жеке басын анықтауға, ұстауға полиция бөлімінің барлық жеке құрамы бағытталды. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Жетісай аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ізін суытпай, жарты сағат ішінде Жетісай қаласының тұрғынын құрықтады. Медициналық куәландыруға сәйкес тәртіп бұзушы “орташа дәрежеде” мас халде болған. Және есірткі қолданғаны анықталды.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы (билік өкіліне бағынбау) және 380-бабы (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Тәртіп бұзушының автокөлігі айыптұрағына қойылды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия