jasqazaq.kz

Мас жүргізуші полицейлерді әуреге салды (Видео)

19 қараша 2021, 11:59

Павлодар облысында мас жүргізуші полицейлерден қашпақ болды.

Шалдай кентінде патрульдеу кезінде жылдамдық режимін сақтамай жүрген автокөлік анықталды. Полиция қызметкерлерінің талабына жүргізуші бағынбаған, бірақ кейін автокөлік тоқтатылды. Honda автокөлігінің жүргізушісі 53 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты.

– Жүргізушімен сөйлесу барысында алкогольдің өткір иісі пайда болды. Ол көлікті мас күйінде басқарғанын растады. Сонымен қатар, жүргізуші жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бар көлік құралын жүргізгені анықталды, – деді полицияда.

 

Жүргізуші өзін ақтау ретінде құжатсыз көлік сатып алғанын айтты.

Полицейлер жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік материалды қозғады, материалдар сотқа жолданды. Аудандық соттың қаулысымен жүргізушіге 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамау және 7 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі жаза қолданылды.Айта кетейік, биыл павлодарлық полицейлер мас күйінде көлік жүргізген 1310 жүргізушіні ұстады. Сонымен қатар, жыл басынан бері облыс аумағында мас жүргізушілердің кінәсінен жасалған 12 ЖКО тіркелді, соның нәтижесінде бір адам қаза тапты, тағы 17 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Polisia.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық