jasqazaq.kz

Мас жүргізуші полицейді көлігімен сүйреді

09 сәуiр 2020, 11:22

#үйдеотыр

Шымкентте жүргізуші учаскелік инспекторды капотында сүйреп, көлігімен жаяу жүргіншінің аяғын басып кетті.

30 наурызда кешкі сағат 18.30 шамасында тұрғын үйдің ауласында көрнекі белгілері бойынша мас болған ер адам аула сыпырушылардың жұмысына наразылық білдіріп, былапыт сөйлеп, балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Оқиға орнына келген учаскелік инспектор Ерхан Абдураимов ер адамның құжаттарын көрсетуін талап етіп, әл-Фараби ауданы полиция басқармасының №25 тірек пунктіне бірге баруын сұрады. Алайда, ер адам полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, көлікке отырып, жасырынып кеткісі келді. Оны тоқтату және автокөлікті басқаруға жол бермеу мақсатында полиция қызметкері капотына секіріп, 800 метрден астам жол жүргеннен соң, қайта түсті. Ары қарай жүргізуші бірнеше метр жүріп, жолдан өтіп жатқан үлкен жастағы жаяу жүргіншінің аяғын басып кетті. Патруль полиция қызметкерлері жедел іс-әрекет барысында жүргізушіні анықтап, ұстады. Ол Жамбыл облысының 54 жастағы тұрғыны болып шықты. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік айып тұрағына салынды. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Polisia.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі