jasqazaq.kz

Мас жігіт көліктерге пышақ ала жүгірген (видео)

09 маусым 2020, 13:29

Елордада өтіп бара жатқан көліктерге пышақ лақтырған мас адам ұсталды.

8 маусым күні түнгі сағат 03.47-де пышақ ұстаған ер адам Абай даңғылы мен Янушкеевич көшесі қиылысындағы жедел басқарма орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жігіт жол бойымен келе жатып, пышақты қайрап, автокөлікке ала жүгірген.

ЖБО қызметкерлері осы мекенжайға дереу автопатруль жіберді. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері оның пышағын алып, Байқоңыр аудандық полиция бөліміне жеткізді. Ол 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Оқиға орнынан пышақ пен қайрақ алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде