jasqazaq.kz

Мас мұғалім мен меңгеруші істі болып жатыр

11 маусым 2019, 16:06

Алматы полициясы мектеп мұғалімі мен оқу ісі бойынша меңгерушінің өрескел қылығына қатысты тексеруді бастады. 

Оқиға 10 маусымда № 160 жалпы білім беретін мектеп жанында болған. Әлеуметтік желіге тараған видеокөріністе мектеп директорының орынбасары мен педагог мас күйінде мектеп жанында жүрген балаларды балағаттап, тиісе бастаған. «Бұл оқу ісінің меңгерушісі мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Олар мектеп маңында жүрген екі баланы ұрып, ата-аналары келгенше оқиға орнынан кетіп қалған», — делінген видеоның сипатамасында. Бұл оқиғаға байланысты №160 мектеп басшылығы түсінік берді. Мектеп директоры Гүлнар Дәулетованың айтуынша, педагогтар 1 маусымнан бері еңбек демалысына жіберілген. «ҚР Еңбек кодексіне байланысты болған оқиғаға бейнетүсірілімдегі тұлғалар өздері жауап беруі тиіс. Өйткені, біріншіден олар еңбек демалысында. Екіншіден, бұл оқиға мектеп территориясында болған жоқ. Қай жақта болғанын білмеймін. Иә, мектеп басшылығы жауапкершіліктен жалтара алмайды. Бұл қызметкерлерге қатысты шара қолдану мәселесі олар тек еңбек демалысынан шыққан соң ғана қолға алынбақ», — деді Гүлнар Дәулетова. Ал жапа шеккен балалардың ата-аналары полицияға арызданып үлгерді. «Бұл дерек бойынша Алатау аудандық Полиция басқармасына арыз түсті. Қазір мәселенің мән-жайы анықталып жатыр. Барлық заң талаптарына сай тиісті шара қабылданатын болады», — деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі