jasqazaq.kz

Мас күйінде рөлде отыр

18 қазан 2019, 10:42

Жетісу өңірінде жантүршіктірерлік көлік апаты жиілеп кетті. Тіпті өрімдей жастар қыршынынан қиылып, ондаған отбасы қара жамылып отыр.

Жыл басынан бері Талдықорған қаласының көшелерінде ғана 161 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 14 адам қайтыс болған. 220 адам түрлі дене жарақатын алған. Оның туындау себебі сан түрлі. Ал қала аумағында жол қозғалысын қамтамасыз ету бойынша «Автобус» алдын алу іс-шарасы өтіп жатқан кезде тағы да біраз былықтың беті ашылды.
Шара барысында жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 67 фактісі тіркелген. 1306 автобус жүргізушісі ереже бұзған. Көлік рөліне отырған 60 адам жүк тасымалдау ережесін сақтамаған. 190 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде телефон немесе радиостансаны пайдаланса, 90-ы белгіленген жылдамдықты арттырған. Араларында ащы су ішіп те, адам тасыған жағдайлар бар. Айта берсек, сорақылықта шек жоқ. Өкінішке қарай, мекеме өкілдері бізге олардың аты-жөнін беруден бас тартты.
Басқасы басқа, мас күйінде жолаушылар автобусын жүргізгендерді естігенде жағамызды ұстадық. Биылғы жол-көлік апатының дені осындай жүргізушілердің кесірінен болып жатыр. Автотұрақ қожайындарының біріне хабарласқанымызда: «Барлық жүргізуші таңертең автобус тұрағынан сау күйінде шығады. Олардың қашан, орайын тауып, қалай ішіп алатынын бақылап отыруға қауқарсызбыз», – деді.
Автотұрақ иелері қанша жерден өздерін ақтағанымен, рейд барысында шындық айпарадай ашылды. Ол дәйекті жоғарыда келтірдік. Жұрт құлағын елеңдетіп, жарнамасын көшенің әр бұрышына іліп, жергілікті баспасөздерге жариялап барып өткен рейдте осыншама бұзушылық тіркелді. Ал жай күндері жағасы жайлауда жүрген жүргізушілер не істеп, не қойғанын айтып бере алмаймыз. Қысқасы, адам өмірін ойыншық еткен келеңсіздіктер бүгін, ертең тыйыла қоймасы анық.

Қажет Андас

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда