jasqazaq.kz

Мас күйінде көлік басқарғандар 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады

20 қараша 2019, 13:05

Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов көлікті мас күйінде басқарып, адамды мерт қылғандарды 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылғанын айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынып отырмыз. Қазір мас болсын, сау болсын адамды машинамен қағып өлтіріп алса, жаза бірдей, ары кетсе бес жыл. Енді мас күйінде жасалған осындай қылмыс он жылға бас бостандығынан айырып, өмірбойы көлік құралдарынан басқару құқығынан айырылады», — деді М.Ахметжанов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында. Оның сөзіне қарағанда, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне мас күйінде көлік айдағаны үшін 30 тәулікке дейін әкімшілік қамау мерзімі ұзартылып, жүргізу құқығынан айыру мерзімі сегіз жылға ұлғаяды. Айта кетейік, бүгін жалпы отырыста палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқылап, бірінші оқылымда мақұлдады. Осы орайда, ұрлыққа қатысты әрекеттер ауыр қылмыстар санатына көшетіні мәлім болды. Сонымен қатар, инспекторды және қорықшының өміріне қауіп төндіріп, күш қолданғаны үшін жауапкершілік енгізу қарастырылған. Осындай қылмыстар үшін жиырма жылға дейін бас бостандығынан айырылмақ.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда