jasqazaq.kz

Мас күйінде көлік басқарған әкім жұмысынан босатылды

17 ақпан 2022, 17:33

Маңғыстау облысында көлікті мас күйінде басқарып, көпшіліктің наразылығын тудырған Форт-Шевченко ауылының әкімі жұмысынан босатылды. Әдеп кеңесінде оның ісі қаралып, комиссия мүшелері осындай шешім қабылдады, деп хабарлады «Хабар24».

Айта кетейік, 4 қаңтар күні бұрынғы шенеунікті «Ақтау — Форт-Шевченко» тас жолының 3 шақырымында келе жатқанда полицейлер тоқтатқан. Шалқыбай Әзірбаевқа жүргізілген медициналық сараптама нәтижесінде жеңіл дәрежеде мас күйде болды деген қорытынды берілген. Осы оқиға бойынша түсірілген видео әлеуметтік желіде де белсенді талқыланды. Көпшілік әкімнің ерсі қылығын сынап тастады. Осыған дейін экс-әкімнің ісі сотта қаралып, 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру туралы үкім шығарылған еді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде