jasqazaq.kz

Мас бойжеткенді Camry-70 көлігімен қыдыртқан шенеунік сотталды

01 қыркүйек 2021, 14:04

Ақмола облысы бойынша Ревизиялық комиссиясының төрағасы қамауға алынды. Мас шенеунік қымбат автокөлігіне мас қызды салып алып, түн ішінде Көкшетауда жүрген, деп хабарлайды zakon.kz Көкшетау Азия ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Көкшетау қаласының әкімшілік соты онлайн-режимде Ақмола облысы бойынша Ревизиялық комиссиясының төрағасы, 45 жастағы Руслан Шәріпке қатысты істі қарады. Еске сала кетсек, облыс орталығының полицейлері 27 тамызда қаланы патрульдеу кезінде шамамен түнгі сағат 5-те «Toyota Camry-70» көлігін тоқтатқан.

– Көлік рөлінде отырған жүргізуші, азамат Руслан Шәріппен сөйлескен кезде алкогольдің иісі қатты шықты. Оның қасында бір қыз болған, ол да мас күйде, – деді сотта полиция қызметкері Мейрамбек Шайжанов.
Полицейлер Шәріпке наркологиялық орталыққа баруды ұсынды, мас жүргізуші әбден мінез танытқан. Медициналық куәландыру көрсеткендей, Шәріп мас күйде болған. Тәртіп сақшылары мас күйінде көлік жүргізгені үшін хаттама толтырып, материалдарды сотқа жіберген.

Сотта сөз алған Шәріп «Toyota Camry-70» көлігімен жүргенін жоққа шығармады. Прокурор Ербол Таңатов жиналған дәлелдерді жеткілікті деп есептеп, соттан айыптау үкімін шығаруды сұрады.

– Руслан Шәріп ҚР Әкімшілік кодексінің 608 бабының 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жаза тағайындалсын, – деген үкім оқыды судья Серік Төлеев.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия