jasqazaq.kz

Мас әйел тәртіп сақшысының мойнын тырнады

08 сәуiр 2020, 19:05

Петропавлда кезекшілік атқарып жүрген әскери институттың курсанттарына карантин режимін бұзған әйел күш көрсетті.

Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 7 сәуір күні болған. Петропавлдағы Кеншінбаев көшесінде кезекшілік атқарып жүрген әскери институттың курсанттары құжаттарын тексеру үшін екі адамды тоқтатады. Қала тұрғындарының екеуі де мас болған және әскери нарядтың бастығы, қатардағы курсант Нұрғазы Қамбарбековтың заңды талабын орындамаған. Өздерімен жеке куәліктері болмағандықтан, әйел мен ер адамға тірек пунктіне бару керектігі айтылған. Алайда, әйел барудан бас тартып, курсанттарға былапыт сөздер айтқан. Мұнымен қоймай, әскери наряд бастығының бетіндегі медициналық маскасын және иығындағы погонын жұлып, мойнын тырнап алған. Әскери наряд екеуін де ұстап, Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының бөліміне жеткізді. 1986 жылы туған қала тұрғыны – әйелге қатысты билік өкіліне қарсы күш қолданғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Еске салайық, Петропавл қаласы 3 сәуірден бастап карантинге жабылды. Шектеу талаптарының орындалуын және көше тәртібін қадағалау мақсатында ҚР ҰҰ Әскери интитутының 200 курсанты күнделікті кезекшілікке түседі.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі