jasqazaq.kz

Маржан Арапбаева: Тойда қолыма тапанша ұстап тұрып өлең айтқан кезім болған

19 қазан 2017, 10:18

Хабар арнасындағы «Тікелей эфир» бағдарламасына қонақ болып келген Маржан Арапбаева тойдағы қызық оқиғаларының бірімен бөлісті. Әншінің айтуынша, қаладағы сүндет тойлардың біріне барғанда қолына бейтаныс кісі тапаншасын ұстатып қойып,әншіні ары-бері жұлқылап билеген деп хабарлайды NUR.KZ.

«Сүндет тойға барғанмын, ол жерде «Тәттім -ау» деген бір әнді айтып жатырмын. Өзімнің дәстүрім бойынша мен жарықтың ақ-сары, қызыл-жасыл болып тұрғанын ұнатамын. Сөйтіп халық шығып билесін деп ойымда ештеңе жоқ әнімді айтып тұрмын, қап-қараңғы бәрі билеп жатыр.

Бір уақытта өзім қатарлы бір жігіт келді. Грузиндер сияқты би билеп жатыр. Мына кісі суретке түсейін деп тұр ма, әлде алдыма тұрып алып, жай билеп тұр ма мына кісі деп ойлап тұрмын.

Бір уақытта билеп тұрды да қолыма ауыр бір затты бере салды. Қарап қалсам қап-қара тапанша, өзі өте сондай ауыр. Соны ұстатып қойып, ары қарай билеп жүр»,- дейді әнші.

Қолындағы шынайы тапаншаны көргенде Маржан сасқалақтап қалғанын айтты. Кейіннен әншінің қолындағы тапаншасын байқап қалған қонақтардың бірі оны иесіне қайтартып алдырған.

«Бір үлкен кісі жаныма жүгіріп келді. Басында бөрігі бар, ұлттық киімдегі ата жаңағы тапаншаның иесіне барып: «ал» деді. Жаңағы жігіт қолымнан тапаншасын алып, беліне қайта қыстырып қойды»,- деді Маржан Арапбаева.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде