jasqazaq.kz

Марқұмның туыстарына денесін беріп, басын алып қалған (Видео)

10 қыркүйек 2021, 13:29

Алматы облысы Балқаш ауданының тұрғындары “атып өлтірген ағамыздың басын ала алмай отырмыз” деп шағымдануда, деп хабарлайды «Еуразия» бірінші арнасы.

Олардың айтуларынша, қой бағатын 45 жастағы ағалары 23 тамызда жоғалып кеткен. Оның денесін бауырлары 6 қыркүйекте Бірлік ауылына 8 шақырым жерден іздеп тапқан. Сараптама нәтиежесі оның басынан атып өлтіргенін анықтаған.

Тергеу барысында сот-медициналық сараптама үшін мамандар марқұмның басын алып қалған. Денесін жер қойнына тапсырғанымен, басы болмағандықтан туыстары марқұмның жаназасын да шығара алмаған.

«Ағамыздың басын экспертизаға қажет деп бермей алып қалды. Денесін алып, жер қойнына тапсырдық. Бірақ жаназа оқытылған жоқ. Полицейлер өздеріне тиісті жұмысты дұрыс атқарған жоқ. Біздің олардың ешқайсысына көңілім толмайды», – дейді марқұмның бауыры Нұрлан Ниязов.

Осылайша қайтыс болған азаматтың туыстары тергеу амалдарына да наразылықтарын жасырмады. Әзірге аймақтың полиция департаменті орын алған оқиғаға қатысты ешқандай мәлімет айтқан жоқ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде