jasqazaq.kz

Мариупольдегі қазақстандықтармен байланысу мүмкін болмай отыр

15 наурыз 2022, 17:57

Украинадағы Қазақстан елшілігінің ақпаратына сәйкес, Мариупольдегі азаматтарымыздың жалпы саны әлі де 18 адамды құрайды.

Қалада электр энергиясы мен телефон жүйелерінің үзілуіне орай олармен байланыс орнату мүмкін емес. Қазіргі уақытта Катовице қаласында және Украина-Польша шекарасын кесіп өту кезегінде азаматтарымыз жоқ. Харьков қаласындағы эвакуациялық жинау орнында 3 отандасымыз бар. Сумы қаласында 1 азамат бар, онымен тұрақты байланыс орнатылған. Бүгінгі таңда қазақстандық дипломаттар Қазақстанның 822 азаматына Украинадан шығуға қолғабыс көрсетті. Оның ішінде 726 адам Польшаға, қалғандары Молдова, Румыния, Венгрия мен Словакияға шығып кетті. 57 қазақстандық ауыр жүк көлігінің 51-і Украина аумағынан шықты. Қалған 6 автокөліктің жүргізушілеріне жан-жақты көмек көрсетілуде.

24.kz

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр