jasqazaq.kz

Маңызды саланың көкейкесті міндеттері

29 қантар 2021, 17:27

Бүгін ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің алқа мәжілісі өтті. Оған Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, бірқатар депутаттар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиынды ашқан ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ведомство алдында тұрған міндеттерге тоқталды.
А.Балаева сапалы қоғамдық сананың қалыптасуы – рухы биік азаматтарға байланысты екенін атап өтті. Министр «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты мақсаты – Елбасының ұлттық сананы жаңғырту принциптері мен Мемлекет басшысының Абайша түйген «Толық адам» концепциясы негізіндегі елдің болашағы», — деді.

Осы орайда ол бұл бағытта жоспарланып отырған қадамдарға тоқталды. Аида Ғалымқызы «Ал бұл болашақ бүгінгі ұрпақтан басталады. Сондықтан да, біз «Рухани жаңғырудың» негізгі бағыты ретінде – бaлaлapды pухaни-aдaмгepшiлiк тұрғысынан тәрбиелеудің маңызы ерекше екендігін атап өтеміз. Осы орайда, қазіргі таңда барлық қызығушы тараптардың қатысуымен әзірленген мeктeпкe дeйiнгі жәнe мeктeп жacындaғы бaлaлapды pухaни-адaмгepшiлiкке тәpбиeлeу стратегиясын алдағы Ұлттық комиссия отырысына шығарып, іске асыруға барлық күш-жігерімізді саламыз», — деп атап өтті. Министр сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық тапсырысты ұсынудың жаңа ережелеріне қатысты жұмысқа тоқтала келе, алдағы уақытта БАҚ туралы жаңа сапалы заң қабылдау жоспарланып отырғанын жеткізді.

Алқа мәжілісінде сөз сөйлеген ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев ақпараттандыру жұмысымен қатар, министрлік БАҚ саласын дамыту бойынша тиісті шаралар қабылданып жатқанын хабарлады. Ол «Отандық телеарналарды шетелдегі қандастарымызға жеткізу, контенттің сапасын арттыру, отандық арналардың техникасын жаңарту қамтылған. «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» акционерлік қоғамдары біріктірілді. Барлық осы шаралар аяқталғаннан кейін, 2021 жылы мемлекеттік басылымдар «Қазақ газеттері» брендіне біріктіріледі», — деді.

Алқа мәжілісін қортындылаған Ералы Тоғжанов ақпарат саласында жұмыс істейтін барлық азаматтарға алғыс айтып, қиын жағдайда бірде-бір азаматтың кейін тартпағанын, осы кезеңде ешқайсысы басын бұғып қалмай, тікелей атсалысқанын айырықша атап өтті. Сондай-ақ ол «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру ең алдымен министрліктің тікелей қызметіне байланысты екенін айтты. Үкімет басшысының орынбасары осыған орай: «Дер кезінде халыққа жеткізе білу, халыққа түсіндіре білу маңызды. Осы орайда қиын жағдайда ештеңе жасырылған жоқ. Барлығы елге жарияланды» — деді.

Е.Тоғжанов волонтерлік бағытта көптеген іс-шара атқарылғанын, Президенттің тікелей тапсырмасымен тиісті жұмыстар жүзеге асырылғанын айта келіп, бұл жұмысты ары қарай жалғастыруға қатысты тапсырмалар берді. Министрліктің алқа мәжілісінде алдағы уақытта қайырымдылық және волонтерлік жөніндегі заң жобаларын жетілдіру жоспары бар екені хабарланды.

Jas qazaq — ақпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде