jasqazaq.kz

Мәнізоров ісі: Агенттік Бас прокуратура шешіміне наразылық танытты

31 қазан 2019, 13:30

Сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бас прокуратураның Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты қылмыстық істі жабу шешіміне наразылық танытты.

Бұл туралы аталған агенттіктің 1-департаментінің басшысы Қанат Сүлейменов айтты. «Фактілерге сүйенуіміз керек. Бізге агенттікке екі азаматымыз жүгінді. Олардың шағымдарын сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеп, тергеуді бастадық. Бұл бірінші факті. Екінші факті, қылмыстық істі тергеу барысында Бас прокуратура талап етті және қылмыс ізінің болмағаны үшін тоқтатты. Қазіргі уақытта біз бұл шешіммен келіспейтіндігімізді және оған қарсылық білдірдік. Қазір ол Бас прокурордың қарауында жатырә,- деді ол агенттіктің алқа мәжілісі аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. Осы орайда ол тергеудің мән-жайы құпия екендігін, оны прокуратура органдарының келісімімен ғана жариялауға болатындығын айтты. Сонымен қатар, департамент басшысы Бас прокурор тарапынан агенттікке заңдылықты бұзуға жол берген қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыным түскендігін растады. «Бізге ұсыным түсті. Бұл ұсынымды басшылық қарайды және оның қаншалықты негізгі екендігін және кімнің тәртіптік жауапкершілікке тартылатындығын шешеді», — деді Қ.Сүлейменов.

Апарат көзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде