jasqazaq.kz

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Ақтау қаласына 3 реанимобиль сыйлады

19 маусым 2020, 12:55


Еліміздің маңызды саласында еңбек етіп, сол арқылы ұлттық экономиканың дамуына үлес қосып жүрген мұнайшылар қайырымдылық жасаудан еш жалыққан емес. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының тапсырмасы бойынша «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ коронавирус індетіне қарсы күрес аясында Ақтау қаласының жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясына үш жаңа реанимобильді сыйға тартты. Реанимобильдер шұғыл көмек көрсету үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған.

Бұдан бөлек, «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы облыстық ауруханаға өкпені жасанды желдету аппаратының 20 данасын тапсырды. Өкпені жасанды желдету аппараттары Маңғыстау облыстық ауруханасына, облыстық және қалалық перинаталдық орталықтарға, балалар ауруханасына, жұқпалы аурулар ауруханасына, сондай-ақ өңірдің аудандық ауруханаларына таратылды. Қазір олар толық іске қосылды.

Жалпы алғанда, компания денсаулық сақтау органдарына 818 млн. теңгеден астам сомаға көмек көрсетті.

Елімізде эпидемиологиялық ахуал нашарлап, коронавирусқа шалдыққан адамдар саны артып келеді. Сол себепті сыйға тартылған көліктер мен аппараттар Маңғыстау облысының денсаулық сақтау жүйесі үшін уақытылы келген көмек болды.

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы өзінің өндірістік қызметін жүргізетін өңірлерге әлеуметтік және қайырымдылық көмек көрсетуді әдетке айналдырған. Реанимобильдер мен өкпені жасанды желдету аппараттары – бұл компанияның әлеуметтік маңызы бар кезекті жобасы және мұнайлы өлке тұрғындарының денсаулығын сақтау ісіне қосқан қомақты үлесі.

Елімізде төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ облыстағы инфекциялық және провизорлық орталықтардың дәрігерлік қызметкерлерін үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етіп келеді. Бұдан басқа, маусым айының басына дейін блок-бекеттерде кезекшілік ететін полицейлерге және патруль қызметкерлеріне үш мезгіл ыстық тамақ жеткізіп тұрды.

 

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия