jasqazaq.kz

Маңғыстаулық кәсіпкер 59 жастағы азаматты құлдықта ұстаған

04 шiлде 2021, 19:14

Маңғыстау облысында шаруа қожалығының иесі 59 жастағы азаматты 3 ай бойы құлдықта ұстағаны анықталды, деп хабарлайды “Хабар 24” арнасы.

Оқиға Бейнеу ауданына қарасты ауылдардың бірінде болған.

Кәсіпкер жәбірленушіні наурыз айынан бастап қорқытып, ауыр жұмыстарға жеккен. Ұрып-соғып, бір тиын жалақы төлемеген. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Егер кінәсі дәлелденсе, шаруа иесі 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

“Бейнеу ауданы Полиция бөлімінің криминалды полиция қызметкерлері «Стоп-трафик» жедел іс-шарасын өткізу барысында бас бостандығынан заңсыз айыру фактісін анықтады. Тұрғынның айтуынша, С. есімді ер адам оған қатысты күш қолданған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы 3 -бөлігіне сәйкес Бейнеу аудандық Полиция бөлімінде тіркелген”, – деді Маңғыстау облысы ПД Ішкі және сыртқы коммуникация бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Айғаным Рахметова.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия