jasqazaq.kz

Маңғыстаулық 600 адам әскери борышын өтеуден қашып жүр

19 қараша 2018, 10:58

Маңғыстау облысында 600 адам Отан алдындағы борышын өтеуден қашып жүр. Әскерге шақыру алғанымен, олар жергілікті әскери басқару органдарына мүлдем келмеген.

Іздеу жарияланған азаматтарды табу үшін облыстық қорғаныс департаменті өкілдері мен мен полиция бірлескен шара өткізуде. Рейд барысында олардың тұрғылықты мекенжайы мен жұмыс орындары тексеріліп жатыр. Жалпы қазір елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны жүруде. Қыркүйектен бері Маңғыстау облысынан әскерге 700 бозбала шақырылса, соның 400-і еліміздің қарулы күштері қатарына жөнелтілген. Ата заңымызға сәйкес, әскерге шақыртылған 18 бен 27 жас аралығындағы кез келген азамат Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. «Заңды орындамаған жағдайда алдымен әкімшілік, одан кейін қылмыстық жазаға тартылады», – дейді сала мамандары. Шынболат Ақмұратов, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары: – Қазіргі таңда мекенжайы бойынша шақыру қағаздарын апарамыз. Көбі есіктерін ашпайды. Әке-шешелері бізге өздерінің балалары жөнінде нақты ақпарат бермейді. Бір-екі рет ескертеміз. ҚР 561-заңына сәйкес 30 бап бар. Отызыншы бап бойынша азаматардың тізімін ішкі істер бөліміне береміз.

24.kz

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді