jasqazaq.kz

Маңғыстауға Ақтөбе облысынан жем-шөп жеткізіледі

07 маусым 2021, 16:44

Құрғақшылық салдарынан малдары қырылып жатқан Маңғыстау өңіріне Ақтөбе облысынан жем-шөп жеткізіледі. Бұл туралы ҚР АШМ Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында ауа райының жауын-шашынсыз болуына байланысты құрғақшылық орын алып отыр. Осыған орай министрлік тарапынан арнаулы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы 26-30 мамыр аралығында Маңғыстау облысының барлық аудандарын аралып, қалыптасқан жағдаймен танысып шықты. Осы айда министрлік тарапынан да, Үкімет тарапынан да жедел іс-шаралар қабылдау мақсатында әкімшілік деңгейде арнаулы штаб құрылды. Штабтың негізгі мақсаты — мал өлімі және мал азығы нарығында алыпсатарлық орын алмауы үшін жем-шөп жеткізу», — деді ол. Еркебұлан Ахметовтің сөзіне қарағанда, штаб өткен аптада Ақтөбе облысында болып, келіссөз жүргізді. Келіссөз нәтижесінде Маңғыстау мен Ақтөбе облыстары әкімдіктері арасында меморандум жасалды. Меморандум аясында Қобда, Байғанин, Темір аудандарында шөп шабатын шабындықтар анықталды. Сол жерлерден маңғыстаулық фермерлердің малына шөп жеткізу ұйымдастырылады. «Сонымен қатар былтырғы жылдан қалған 10 мың тонна жоңышқаны жеткізу мәселесі пысықталды. Мұнан бөлек, ақтөбелік шаруалардың жем-шөпті тасымалдау жайы қарастырылды. Қазірі «Каспий» ӘКК арқылы 204 млн теңге қаражат бөлінді. Қаражат аталған жем-шөпті сатып алу және тасымалдау шығындарын жабуға жұмсалады. Оның ішінде 54 млн теңгеге 630 тонна арпа «Азық-түлік келісімшарт корпорациясынан» бөлінеді. Қазір сатып алу рәсімделіп жатыр. Келесі аптаға дейін арпаны темір жолмен жеткізу мәселесі шешіледі», — деді департамент директоры. Оның атап өтуінше, Маңғыстау облысында 536 бас жылқы өлген. Ветеринарлық органдардың өкілдері өлекселерді көму жұмыстарын ұйымдастырды. Жылқы өлім-жітімі негізінен Түпқараған, Маңғыстау аудандарында тіркеліп отыр. «Бүгінгі нақты мақсат – мал өліміне жол бермеу. Ол үшін жем-шөпті тезірек жеткізу керек. Маңғыстау облысында орташа температура +35, +40 градус болып тұр. Келген шығынды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді ол.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия