
25 мамырда Маңғыстау облысының Сай-Өтес ауылында тасжолда жол апатынан жеті мектеп түлегі зардап шекті, оның екеуі ауыр халде жатыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Облыстық балалар ауруханасына жеткізілген түлектердің бірінің жамбас сүйегі жарақаттанған, ол ауыр жағдайда жатыр. Жол апатынан зардап шеккен екінші түлек реанимацияға ауыстырылды. Оның миына қан кеткен, жағдайы өте ауыр, науқастың өкпесі жасанды желдету аппаратына қосылған.