jasqazaq.kz

Маңғыстауда үшем дүниеге келді

02 мамыр 2019, 11:08

Маңғыстау облысында биылғы жылғы алғашқы үшем дүниеге келді. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаевқа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Жаңаөзен қаласының 35 жастағы тұрғыны Кәмшат Төребекова енді 6 баланың анасы атанды. Бұған дейін 2 ұл және 1 қызы болған. Бақытты ана салмағы 1 090 грамм бір ұлды және 1 990 грамм және 2 500 граммдық екі қызды дүниеге әкелді Дәрігерлердің айтуынша, жүктіліктің жеті айлығында әйелдің денсаулығына байланысты кесарь тілігін жасауға тура келген. Операция сәтті өткен. Қазіргі уақытта балалар дәрігерлердің бақылауында. Анасы мен балалардың жағдайы тұрақты. Ананың айтуынша, ол үшемнің анасы болатынын жүктіліктің бірінші аптасында-ақ білген. Аяғы ауыр кезде оған барлық отбасы мүшелері қолдау көрсеткен. Отағасы жүргізуші болып жұмыс істейді. Ал, әйел үй шаруасында. «Қазіргі уақытта сәбилер дәрігерлердің жіті бақылауында. Әзірге балалардың салмағы жетіңкіремейді, бірақ дәрігерлер жұмыла жұмыс істеп жатыр. Олардың әрқайсысы салмақ қосып, таяу уақытта перзентханадан шығады», — деп жазды Азамат Сәрсенбаев.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық