jasqazaq.kz

Маңғыстауда үш баласын асып өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған ер адам жайлы жаңа дерек пайда болды

15 желтоқсан 2022, 12:33

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында үш баласын асып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған 38 жастағы азаматқа қатысты жаңа ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Журналист Гүлмира Әбіқай Instagram парақшасында жариялаған жазбада ер адамның 15 жастағы өгей қызын зорлағаны айтылған. Ақырында түрмеге қамалмас үшін өз-өзіне қол жұмсаған. Ал балаларын әйелінен қызғанған соң өлтірген

“Ол оқиға ешқандай саясаттың кесірінен болмаған. Менің туған немере сіңлімнің отбасы. Күйеуі нашар адам болған. Ішіп келіп, ұратын. Сіңлімнің бұрынғы күйеуінен еріп келген 15 жастағы қызы бар соны зорлап, түрмеге бармау үшін өз-өзіне қол жұмсаған. Балаларын сіңлімнен қызғанып, өзімен бірге алып кеткен. Сіңлімді зарлатып, балаларынан айырды. Үлкен қызының өмірін бұзды”, – деп жазған журналистке балалардың анасының әпкесі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында ер адам үш баласын асып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсағанын жазған едік. Балалардың ең үлкені 8-де, ортаншысы 4-те, ал кішкентайы 10 айлық.

Ақпаратты Маңғыстау облысы полиция департаменті де растады. Мәйіттердің табылғаны туралы хабарламада 11 желтоқсанда 19:45 шамасында келіп түскен.

«Бұл шақыруға жедел-тергеу тобы барды. Өздіктерімен асылып өлген 38 жастағы ер адам, сондай-ақ 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық балалар анықталды. Тексеру барысында Б. есімді азаматпен жіберілген аудиожазба анықталды. Ол жұбайы Д. есімді азаматшаға өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан», — делінген хабарламада.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді