
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Өткен жылы 14 қазанда өз пәтерінде тұрған әйел тоғыз жастағы баласын батареяға аяқ-қолынан байлап, соңынан тұншықтырған. Бала №7 орта мектептің үшінші сыныбында оқыды.
Сот-психиатриялық және стационарлық сот-психологиялық және психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша, қылмыс жасау кезінде күдіктінің психикалық созылмалы ауру әсерінен басы қатты ауыып, күйзеліс жағдайында болған.
Сотталушы соттың шешімімен қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, себебі ол қылмысты ақыл-есі сау емес кезде жасаған. Айыпталушы республикалық мамандандырылған психиатриялық ауруханада қарқынды қадағалауымен психиатриялық ауруханада мәжбүрлеп емдеуге жіберілді. Қаулы әлі күшіне енген жоқ», — деді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.