jasqazaq.kz

Маңғыстауда түрмеден қашқан қылмыскер ұсталды

11 ақпан 2019, 10:00

Ақтауда ұрлық жасағаны үшін сотталған 29 жастағы азамат қауіпсіздігі төмен мекемеден (ГМ-172/8, қоныс колониясы) қашып кеткен, деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Хабарланғандай, 2019 жылдың 4 ақпанында жазасын өтеуші М.Бердиев колония аумағында бақылаусыз жүру мүмкіндігін пайдаланып, «Еңбек-Ақтау» РМК-дағы жұмыс орнынан қауіпсіздігі төмен мекемеге қайта оралмаған. «10 ақпан кешкісін ГМ-172/8 мекемесінің қызметкерлері Ұлттық гвардия және Маңғыстау облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде М.Бердиев қаладағы шағын аудандардың бірінде ұсталды», — делінген хабарламада. Қазіргі уақытта сотталушыға қатысты ҚР ҚК 427-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол түзеу мекемесіне оралмағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Inform.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде