jasqazaq.kz

Маңғыстауда тұрғындар жаңа жолды сынға алды (видео)

05 шiлде 2020, 10:43

Маңғыстау облысының тұрғындары жолдағы жаңа асфальтты сынға алды.

Мұнайлы ауданындағы Баянды ауылында жаңа жол салынған. Тұрғындар оның сапасын сынап тастады. Видеодан жол төсемін қолмен алып тастауға болатыны көрсетілген.

Облыстық әкімдік осы жағдайға қатысты түсінік берді.

Облыстық атқарушы органның мәліметінше, 10 сәуірде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері, сонымен қатар Мұнайлы ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында орташа жөндеу жұмыстарына байқау жариялаған. 22 сәуірде жеңімпаз анықталды — «Амиран» ЖШС. Жөндеуді қажет ететін жолдың жалпы ұзындығы екі шақырым болған.

«Асфальт жолдың жоғарғы қабатын төсеу үшін зертханалық зерттеулер келесі аптада жасалады. Асфальт сапасының мердігердің барлық талаптарына сәйкес екенін талдау нәтижелері шықпайынша, қалған қаражат аударылмайды, жол қабылданбайды және пайдалануға берілмейді. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Әлеуметтік желілерде бейнероликте көрсетілген асфальттың қалыңдығына қатысты Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы мен тұрғындар арасында кездесу ұйымдастырылып, мердігер мекеме басшылығына кемшіліктерді жою жөнінде нұсқаулар берілді. Жөнделген жол төсемінің қалыңдығы және жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген басқа да талаптар сапа стандарттарына сәйкес келмеген жағдайда жол пайдалануға берілмейді», — деп түсіндірді облыс әкімдігіндегілер.

 

Lada.kz

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді