jasqazaq.kz

Маңғыстауда той-жиынға барғандарға да айыппұл салынады

02 тамыз 2021, 16:01

Маңғыстау облысында енді той, садақа жасағандар ғана емес, оған барғандарға да айыппұл салынатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиында әкім орынбасары Гүлмира Қалмұратова мәлімдеді.

Гүлмира Қалмұратова баяндауынша, карантин талаптарын бұзғандар бас санитардың қаулысына сәйкес айыппұл төлейді. Өткен демалыс күндері өңірдегі 256 нысанға рейд жүргізілді. Нәтижесінде 57 хаттама толтырылып, Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді. Облыс әкімі С.Трұмов бұл жұмыстарды жалғастыра беруді және мониторинг топтарының жұмысын күшейте түсуді тапсырды. Себебі COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны өсіп барады. Эпидемиологиялық ахуалды жақсартудың бір жолы – көпшілік жиналатын шараларды шектеу болса, екіншісі — вирусқа қарсы ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін жаппай екпе алу. Бүгінгі күнге дейін облыста 103 710 адам вакцинаның 1-ші компонентін, 64 204 адам 2-ші компонентін қабылдаған. Облыста КВИ-ге қарсы вакцинацияға арналған 42 екпе кабинеті жұмыс істеп тұр (Ақтау – 8, Жаңаөзен – 6, Бейнеу — 8, Қарақия -2, Маңғыстау -1, Мұнайлы — 5, Түпқараған – 6).

«Вакцинация жұмыстары күшейтілді, соның нәтижесінде шілде айында тұрғындар арасында вакцинацияның өсу қарқыны байқалды», — деді Гүлмира Қалмұратова.

Жыл басынан бері қауіпті індетпен 10 мыңнан астам адам ауырып, 92,3%-ы емделіп шықты. Өкінішке қарай 227 адам осы вирустан көз жұмған. Соңғы тәулікте 224 адамның КВИ жұқтырғандығы анықталды. Денсаулық сақтау нысандары күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр. Науқастар санының өсуіне байланысты Ақтау, Жаңаөзен қалаларында, Мұнайлы, Түпқараған және Маңғыстау аудандарында 5 инфекциялық стационар ашылды. Өңірдегі жалпы төсек қорының саны 1 799 орынға жеткізіліп, реанимациялық төсек саны 118-ге дейін артты. Осы стационарларда бүгінгі күні 944 адам ем қабылдап жатыр, оның ішінде 39 бала, 95 жүкті және босанған әйел. Төсек орындардың толымдылығы – 62%. Ал, жансақтау бөлімдерінің толымдығы — 90% (107 адам). Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, медициналық персонал толық іріктелді, дәрілік препараттар мен жеке қорғаныс құралдарының қажетті қоры дайын. Қосымша мобильді бригадалар құрылып, олардың саны 120 бригадаға дейін ұлғайтылды, оларға 20 автокөлік бөлінген.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия