jasqazaq.kz

Маңғыстауда полицейлер арқар атып, браконьер боп жүр (Видео)

27 сәуiр 2021, 4:39

 

Маңғыстау облысында арқар атқан аңшылар ұсталды. Қаскөйлер табиғат қорғаушыларын көре сала, тым-тырақай қашқан. Бет-жүзін бүркеген төрт браконьердің екеуі полиция қызметкері болып шықты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Заңсыз аң аулауға шыққан тәртіп сақшылары инспекторларды сөзге тартып, жазадан құтылып кетуге әрекеттенген. Алайда табиғи парк өкілдері оған көнбепті. Қаскөйлер ерекше қорғалатын «Қызылсай» табиғи паркінің аумағында ақ көлікпен ойқастап жүрген. Табиғат қорғаушылары оларды 100 шақырымдай қуып жүріп ұстаған. Браконьерлердің көлігінен төрт аңшы мылтығы мен жабайы аңның еті тәркіленді. Қызыл кітапқа енген түз тағысын атқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Омар Сәрсенғазиев, «Қызылсай» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің директоры:

— Шетпе ауылының төрт азаматы болған. Әрқайсының қолында бір-бірден мылтық болған. Көлікті тексеру, қару-жарақты алу, олжалаған өнімнің хаттамасы толтырылып, Маңғыстау ауданының полиция бөліміне тапсырылды. Ішінде екі полиция қызметкері бар екені белгілі болды.

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия