jasqazaq.kz

Маңғыстауда оқ жарақатымен үш адам ауруханаға түсті

06 қыркүйек 2018, 12:52

Маңғыстау облыстық ауруханасына оқ тиіп жарақат алған үш адам жеткізілді. Олар Құрық ауылынан 6 қыркүйек күні сағат 02:00-де түскен.

ҚазАқпарат жазғандай, облыстық аурухананың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, екі зардап шегуші нейрохирургия және травматология бөлімшелерінде орташа ауыр жағдайда жатыр. «1990 жылғы науқастың төменгі жағы мен самайына оқ тиіп жарақаттанған. Қазір нейрохирургия бөлімінде орташа ауыр жағдайда жатыр. 1994 жылғы екінші зардап шегушінің екі қолы мен көкірек қуысына оқ тиген. Ол травматология бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр деңгейде. 1994 жылы туған үшінші зардап шегуші құрсақ қуысы, көкірек қуысы, аяғы, асқазаны, аш ішегі мен тоқ ішегіне быдыралы жарақат алған. Ота жасалып, көкбауырын алып тастадық. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр, өкпесі жасанды аппаратқа қосылған», — деп түсіндірді Маңғыстау облыстық ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Айтқали Шалабаев. Дәрігердің айтуынша, олардың үшеуі де — Құрық ауылының тұрғындары.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді