jasqazaq.kz

Маңғыстауда мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды

21 наурыз 2018, 23:12

Маңғыстауда мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Шулы оқиға Мұнайлы аудандық мектебіндегі 12 жастағы оқушының денесі тырысып, ауруханаға жеткізілгеннен басталған еді. Сол кезде қыз бала сыныптасының соққысынан соң өзін жайсыз сезінгенін айтқан. Ал, сабақ кезіндегі білдей ұстаз баланың өмірі мен қауіпсіздігіне салғырт қарады деген күдікке алынды.

Егер педагогтың кінәсі дәлелденсе, 2 мың айлық есептік көрсеткіш, яғни 4 жарым миллион теңге айыппұл төлеп, жұмысынан қуылады. Бірақ, мұғалім әлі күнге дейін шәкірттерге тәлім беріп жүр. Ал, оқушылар арасындағы жанжалды жоққа шығарған мектеп басшылығы, баланың естен тануын оның денсаулығымен байланыстырады. Қазір ауруханадан шыққан Ақжүніс Тұрдыбек, қалған емін Астанада жалғастырады. Оған ата-анасы арнайы квота әзірлеп жатыр. Ал, оқушының бас сүйегі зақымданған екен.

Дереккөз: КТК телеарнасы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде