jasqazaq.kz

Маңғыстауда мектеп бітіруші 89 түлек жауапқа тартылды

26 мамыр 2022, 17:00

Айта кетейік, Маңғыстау облысында өткен тәулікте мектеп бітірушілерге қатысты 119 хаттама толтырылды. Полицейлердің айтуынша, кортеждегі көліктердің терезесінен шыққан түлектер жол қозғалысына қауіп төндіреді.

Ең сорақысы, жүргізуші куәлігі жоқ 16 жеткіншек автокөлік тізгіндеген. Құқық қорғаушылар әлеуметтік желіге таралған бейнежазбаларды қарап, қоғамдық орында тәртіп бұзған жастарды әкімшілік жауапқа тартқан. 35 көлік айыптұраққа жабылды. Айта кетсек, шалғай өңірде 25 мамыр күні 350-ден астам полиция қызметкері көше қауіпсіздігін бақылауға шыққан.

Әйгерім Ибадуллаева, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

— Түлектер жасаған құқық бұзушылықтың басым көпшілігі көлік терезесінен басын шығарып, өз өміріне қауіп төндіру болды. Бұл құқық бұзушылық үшін ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы Кодексінің 593-бабы 2-бөлігімен барлығы 55 әкімшілік хаттама жасақталды.

24.kz

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр