jasqazaq.kz

Маңғыстауда күн 46 градусқа дейін ысыды

02 шiлде 2018, 21:11

Маңғыстауда 30 маусымнан бері күн ыстық тұр. Қазір өңірдің кей жерлерінде сынап бағанасы 46 градусқа дейін көтерілген. Ал, топырақ бетіндегі температура 52 градус, деп хабарлайды Қазақпарат.

Синоптиктердің айтуынша, өңірде температураның күрт көтерілуі кең ауқымды антициклонның ықпалына байланысты. Ыстық тек апта соңына қарай басылады. Қазір қала маңындағы жағажайларда ине шаншар орын жоқ. Тұрғындар аптап ыстықтан суға шомылып қорғанып жүр. Айта кетейік, былтыр да осындай ауа райы болған. Әсіресе, облыс маңынан алыс жатқан аудандарда ең жоғарғы температура тіркеліп отыр. «1 шілде күні Қарақия ауданы +45+46 градус, Маңғыстау +44,+45 градус тіркелді. Аталған құбылысқа қатысты аптап ыстық болатыны жөнінде синоптиктер алдын ала ескертті. Бұл ыстық алдағы уақытта сақталады. 3 шілде күні +37+42, кей жерлерде +46 градус, ал, 4 шілде аздаған төмендеу болады, +34,+39 шамасында. Кей жерлерде +43 градусқа болады деп күтіледі», — дейді Қазгидрометтің өңірлік филиалының жетекші инженер-синоптигі Динара Ілясова.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді