jasqazaq.kz

Маңғыстауда құрылысшының басына бетон құлап, комаға түсті

27 наурыз 2018, 12:15

   Маңғыстау облысы Шетпе ауылында мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан екі жұмысшының басына бетон плита құлады. Қазір екеуі де ес-түссіз Маңғыстау облыстық ауруханасында жатыр. Бұл туралы today.kz lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға 25 наурыз күні кешкі 19:30 шамасында болған. Алдымен Шетпе ауылында алғашқы медициналық көмек көрсетілген. 26 наурыз күні екі жұмысшы да Маңғыстау облыстық ауруханасына әкелінген.

Жарақат алған 1966 жылы туған бір жұмысшы өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

«Ол бас сүйегінен ашық жарақат алған. Қазір комада ауыр жағдайда жатыр. Ота жасап, жан сақтау бөліміне ауыстырдық», – дейді Маңғыстау облыстық ауруханасының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Гельман Чагай.

1995 жылы туған екінші жұмысшының да жағдайы мәз емес. Бас сүйегінен жабық жарақат алып, сол жақ қабырғалары сынған.

Екі науқас та өкпесін жасанды желдендіру аппаратына қосылған.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық