jasqazaq.kz

Маңғыстауда кептелістен заңсыз айналып өткен полицей жазаланды

15 мамыр 2022, 11:54

Маңғыстау полициясының қызметкеріне жол жиегімен жүріп өткені үшін хаттама толтырылды. Қызметтік көліктегі жүргізуші осылайша кептелісті айналып өткен, — деп хабарлайды Lada.kz.

Желіде тараған видеодан жүргізушілердің көзінше патрульдік көлік қиылыста жол жиегімен жайбарақат жүріп өтіп, кейін жолға қайта шыққанын көруге болады.

Өңірлік полиция департаменті жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 596-бабының 1-бөлігі («Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру») бойынша хаттама толтырылғанын хабарлады.

Енді тәртіп бұзушы 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 47 700 теңге айыппұл төлейді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр