jasqazaq.kz

Маңғыстауда ірі жол апаты болды

15 ақпан 2020, 20:37

Бүгін Батыр- Қызылтөбе ауылы бағытында болған ірі жол апаты салдарынан 3 адам қаза тауып, 3 адам зардап шекті.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Сағат 10-дар шамасында екі көлік соқтығысып, біреуі жанып кеткен.

Жол апаты салдарынан Мұнайлы ауданының тұрғындары 40 жастағы ер адам мен 35 және 42 жастағы әйелдер оқиға орнында қаза болды. Ал, 3 адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың жағдайы ауыр.

«1995 жылы туған 2 жігіт және 1975 жылғы ер адамға жабық ми жарақаты, кеуде тұсының жаралануы диагноздары қойылды»,-делінген хабарламада.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілген.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы, 4-бөлімі бойынша іс қозғалып, сот медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде»,-делінген хабарламада.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия