jasqazaq.kz

Маңғыстауда емшіге жүгінген 8 жастағы бала бір қолынан айырылды (Видео)

24 маусым 2021, 14:11

Маңғыстауда велосипед теуіп жүріп қолын сындырып алған 8 жастағы баланы ата-анасы сынықшыға апарып емдетеміз деп, бір қолсыз қалдырған. Бұл туралы Азамат Сәрсенбай атты желі қолданушысы жазып, парақшасында баланың видеосын жариялады.

«Осыдан 12 күн бұрын балам велосипед теуіп жүріп, қолын сындырып алады. Содан үйге жақын жерге сынықшыға барып, қолын салдырдық. Олар «үш күннен кейін келіңіз, қайтадан жібін ауыстырамыз» деп айтты. Үш күннен кейін ауыстырып берді, сосын 21 күннен кейін келуім керегін айтты. Осы аралықта баланың қолы ісіп, көгерді. Ол «уайымдамаңыз» деді. Үйге келген соң ұлымның қолы ісіп, көгеріп, қызарды. Бірер күннен соң, қолының ұшы жәймендеп қарая бастады. Балам өзін жақсы сезініп, тәбеті жақсы болып жүргендіктен бәрі жақсы деп ойладық. Бес-алты күн өткеннен кейін бала саусақтарын сезбейтін болды. Қайтадан сынықшыға апарсам «Бұлай болуы қалыпты, саусақтарының басын маймен майлаңыз» деп қайтарып жіберді», — дейді баланың анасы.

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының хирургі Құрман Қайранов қазақстандықтарды білікті дәрігерлерге қаралуға шақырды.

«Біздің балалар ауруханасының травмотология бөліміне 17 күні 8 жастағы бала түсті. Ауруханаға түскенге дейін білегін сындырып алған, емшілер қолына тығыз тамшы салып тастаған. Бізге келгенде баланың жағдайы өте ауыр болды, қолының басы қарайып, еті өліп қалған, жан жоқ. Содан кейін біз барлық орталыққа шықтық, консультация жасадық, тамырлы хирургтерге көрсеттік. Бәрінің айтқан тұжырымдамасы – ампутация. 20 маусым күні ота жасалды. Сынықшы емшіге барып ем алғанда, сынған сүйек әрдайым орнына келе бермейді. Қазір 21 ғасыр, заман, технология дамып жатыр. Сондықтан науқасты ең бірінші уақытылы ауруханаға жеткізіңіздер», — деді маман.

Аталған жазбаны жариялаған желі қолданушысы балақайдың қолына протез салу үшін 12 миллион теңге қажет екенін айтып, көмектескісі келетіндер болса жекесіне жазуды өтінген.

«Әлі де өз-өзіме келе алар емеспін. Қол ампутациясын өткерген сегіз жастағы сымбатты, өмірсүйгіш бала нағыз батыр. Айтуынша, енді механикалық қол салдырғысы келеді. Балалар хирургі Құрман Қайранов баланың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Егер, заманауи медицина болмағанда, ірің бір аптаның ішінде баланың бүкіл денесіне тарап, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмайтын еді. Дәрігерлердің айтуынша, балалар ауруханасына ауыр жағдаймен түсушілердің 50%-ы халық емшілерінің «емінен» өтіп келеді. Осы оқиға адамдардың халық емшілеріне баруына тоқтау болатын шығар. Қазір баланың ата-анасына ұрсатын уақыт емес, бастысы баланың психикалық саулығы. Қазір жақсы протез керек, ал оның құны 12 миллион теңге тұрады. Баланың ата-анасы мұндай соманы тауып бере алмайды, көмек қолын созғым келеді дейтін болса мархаббат», — деп жазды Азамат Сәрсенбай.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Азамат Сарсенбаев (@azamat_sarsenbayev)

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия