jasqazaq.kz

Маңғыстауда әскери бөлімде жарылыс болды: 5 сарбаз жарақат алды

28 қазан 2021, 11:58

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы әскери бөлімде жарылыс болғандығы туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 27 қазан күні сағат күндізгі 11:00 шамасында болған. Болжам бойынша мекемеде гранаталар жарылып, салдарынан бес сарбаз түрлі дене жарақатын алды.

Қорғаныс министрігінің баспасөз қызметі аталған фактіні растады. Бірақ әзірге жарылыстың нақты себебі айтылмады.

«2021 жылғы 27 қазанда Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау барысында бес әскери қызметші жарақат алды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер әскери қызметшілердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда. Оқиға бойынша тексеру басталды», — делінген хабарамада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде