jasqazaq.kz

Маңғыстауда аштықтан өлуге шақ қалған жылқылардың суреттері пайда болды

02 маусым 2021, 14:01

Маңғыстау облысында аштықтан өлуіне сәл қалған жылқылардың суреттері желіде тарады. Суреттерді Facebook қолданушысы Бердімұрат Төрекенов бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.

Төрекеновтің сөзінше, Маңғыстау облысында мал шаруашылық ахуалы мәз емес. Биыл далада жауын-шашын болмай, жайылымдар кеуіп қалған, малдар азықсыз қалған.

Бақташылар құдық мен жайылым іздеп, онсыз да әрең жүрген малдарын айдап зорға көшкен.

«Жақында Ақшымырау 3-4 айғайынды жігіттер жылқы малдарын қырға алып шықты. Үш төрт күн жүріп әрең жетті. Келгенше 3-4 ірі қарасы өлді. Жүрмей қалған жылқыларын кезек кезек тиеп алдына әкеп тастап су беріп тынықтырып он шақырым алдына әкеп тастайды. Қайтып барғанша тағы төрт бесеуі сондай жағдай да оны тағы әкеп тастап тынықтырып зорға жетті. Қызан ауылынан бір шаруашылық қой алып шықты оларда үш төрт күн жүріп зорға жетті», — деп жазды ол.

Бердімұрат Төрекенов биліктен бұл мәселеге назар аударуды сұрады, өйткені құрғақшылықтың салдары ауыл шаруашылығы кері әсерін тигізіп жатыр.

«Малшының жанын мал баққан түсінеді,аурудың жаманын ауырған түсінеді деген ел шаруашылығы жем-шөптен қыстан зорға шыққанда жазда енді жайлым жоқ сусыз қырып алмайық. Сондықтан жедел комиссия құрып,штаб құрып,тығырықтан шығу жолдарын бірігіп ойластыруларыңыз қажет, кеш болмай тұрғанда», — дейді желі қолданушысы.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия