jasqazaq.kz

Маңғыстауда аққулардың жаппай қырылуына құс тұмауы себеп болған

24 желтоқсан 2022, 12:17

Маңғыстау облысында аққулардың жаппай қырылуына құс тұмауы себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, Маңғыстау облысының Ақтау қаласынан 20 шақырым жерде, Қаракөл көлінің жағасында аққулар жаппай қырылған болатын.

Кейіннен мамандар Қаракөлде аққулардың қырылуына қатты аяз себеп болуы мүмкін екенін айтты.

Оларың пікірінше, Қаракөлде өлі табылған аққулардың барлығы әлі бір жыл болмаған жас, олар қатты аязға шыдамаған болуы мүмкін.

Сынама алынып, Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталыққа жіберілді.

21 желтоқсанда өлген құстардан құс тұмауына алынған патологиялық материалдары оң нәтиже көрсетті.

Қаракөл — жабайы құстардың осы түрі ұшу жолында тұрақтайтын аумақтың бірі.

Мұз бұғауларынан Қазақстанның бүкіл аумағында тіршілік ететін аққулар табылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде