jasqazaq.kz

Маңғыстауда 91 педофил есепте тұр

26 қазан 2019, 12:51

АҚТАУ. ҚазАқпарат — Өңірде 91 педофил есепте тұр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің басшысы Қанат Тәймерденов мәслихат сессиясында мәлімдеді. 5 жыл ішінде жасөспірімге қатысты 44 қылмыс жасалған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Бүгінгі күннің өзекті мәселесі — педофилдердің жас балаларға жасаған жыныстық зорлық-зомбылығы. 5 жыл ішінде облыста 3 жастан 13 жасқа дейінгі жасөспірімге қатысты сексуалдық сипаттағы 44 қылмыс жасалған. Оның ішінде 13-і — зорлау, оның біреуі адам өлімімен аяқталған»,-деді Қанат Тәймерденов.

Барлық қылмыскер ұсталып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған. Облыс бойынша 91 педофил есепте тұр. 28-і бостандықта, 5-еуі психодиспансер есебінде тұр. Енді алдын алу шараларын жүргізу керек деп ұсынды ПД басшысы.

«Осы санаттағы қылмыстарды болдырмау үшін мектеп ұстаздары, психологтар, құқық қорғау органдары бірлесіп жұмыс жасауы керек. Түсіндіру шараларын жүргізіп, алданып қалмау, бірге еріп кетпеу керектігін жиі айтып, мысалдармен көрсету керек»,-деді облыстық полиция департаментінің басшысы.

Еске сала кетейік, жуырда ғана Ақтауда тал түсте ер адам 6 жасар қызды үйінің жанынан ертіп әкетіп, зорламақ болған еді.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты