jasqazaq.kz

Маңғыстауда 2020 жылы білім беру саласына 96 млрд теңге жұмсалады

20 желтоқсан 2019, 12:10

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте МО әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев айтты.

Білім беру саласына 21% өсіммен 96 млрд. теңге жоспарланды (2019 жыл – 79 млрд.теңге).
Мектепке дейінгі білім беруде 305 балабақшаның қызметін қамтамасыз етуге 6% өсіммен 15 млрд.теңге жоспарланды. Биыл 1978 орындық 27 жеке балабақша қолданысқа берілді.
Облыста 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші — 100%.
Орта білім беруге жоспарланған қаржы көлемі 65 млрд. теңге немесе осы жылмен салыстырғанда өсім — 23%. Білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысын 25%-ға өсіруді қамтамасыз етуге 14 млрд.теңге қаржы қарастырылды. Орта есеппен мұғалімдердің жалақысы 200 мыңнан 230 мыңға дейін өсетін болады. Орта білім беруде басты приоритет – оқушылар қауіпсіздігі. Оны қамтамасыз ету үшін облыстың 63 мектебінде 106 әжетханалар және 39 мектепте бейнебақылау камераларын орнатуға 290 млн.теңге жоспарланды. Жалпы қажеттілік 70 мектепке 217 әжетхана және 131 бейнебақылау камералары. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілетін болады және жаңа оқу жылына дейін толықтай қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасының 11 мың баласы және 1-ші сыныптың 19 мың оқушысы ыстық тамақпен қамтылатын болады. Өңірде үш ауысымдық оқыту мәселесі бар. Тұрақты демографиялық өсім есебінен ағымдағы жылы мектептердегі сынып саны 314 бірлікке, оқушы саны 9 311 балаға артты. Осы мәселені шешу – тұрақты бақылауда. 2020 жылы сыйымдылығы 3080 оқушыға арналған 3 жаңа мектеп пен 2 қосымша ғимарат құрылысын аяқтауға 1,5 млрд.теңге қарастырылды.
Бұдан бөлек, 7994 орынға арналған 15 мектептің жобалық сметалық құжаттары жасақталуда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде